Ішкі дауыл
Мұндағы блоггерлердің әрқайсысының өзіндік қайталанбас стилі бар. Берілетін ақпарат та қызық.
Әркімнің блоггер ретіндегі мақсатына байланысты болуы керек.
Менде пәлендей мақсат болмады. Бірақ өз жазбаларымды бақылап отырсам көбіне ішкі мәселелер, көзқарас, сезім сипат. Бар алған әсер, ойлар, көзқарас ағынының ең болмағанда бір бөлшегін жазып қалуға тырысатындаймын.
Уақытты жақсы көрем. Асықпай, байыппен ағып, барлық нәрсені өз орнына қояды. Кейде артқа қарасаң неге кей мәселелердің басыңнан өткенін түсінесің. Қалай болғанда да, не болғанда да барлық нәрсенің тек жақсылыққа бағытталатынын көруге болады. Тек уақыт сабырлылығы керек. Мызғымас сабырлылық. Менде жоқ қасиеттердің бірі. Аллаһ сабырлылармен бірге. Өмір сынақтары да көбіне осы мәселеде сынайды. Артқа қарап тағы жығылғаныңды байқайсың. Тағы мүлт кеттің…
Тағы сыналдың. Бірде, өмір адамдарға өздерін таныту үшін ғана дегенін оқығам. Тағы бір қырымды көрдім. Бірақ қуантары қателігіңді түсініп, өзіңе қайту мүмкіндігі.
Жираф өз баласын енді туылып аяққа енді тұра бастағанда қайта құлатады екен. Ол қайта тұруға тырыса бергенде тағы құлатады. Ол өз баласының мықтап аяққа тұруға үйренуі үшін.Өмір де солай. Жығылып тұра білуің де сені күшейтеді. Жазылмаған өмір заңдары болса да, мұны барлығы білсе де, мен тек бұл мәселеннің ішімде тудырған әсерін жаздым.
6 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Мамыр 2010 (9)
- Сәуір 2010 (1)
- Наурыз 2010 (1)
- Ақпан 2010 (8)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
жығылу тұру туралы, 1000% ақиқат!
Өмірде бірнеше рет қателескен болсаң, бұның аты қате емес. Өмірлік тәжірибе деп аталады.
Жазбаларыңыз маған ұнайды. Ұдайы пікір қалдырып тұрмасам да жазбаларыңызды оқып жүремін.
Блог адамды жиі жазуға итермелейді. Тиісінше өзіңе жиі есеп бересің.
rahmet)) pikiriniz hundy
қазақ негізі өзіне көп үңілетін халық қой. бұл жақсы қасиет және бұл қасиетті сенен көріп отырғаныма да қуаныштымын. бағытыңнан тайма!
algashki soileminiz tamasha)) ya ozine kop unilu analiz jasaumen birdei, keyde paidali, keyde ziyan)
Өзіңе әділ, әрі қатаң сот бол! депті Островский )