Sameday1's Blog

Just another WordPress.com weblog

Ішкі дауыл

Мұндағы блоггерлердің әрқайсысының өзіндік қайталанбас стилі бар. Берілетін ақпарат та қызық.
Әркімнің блоггер ретіндегі мақсатына байланысты болуы керек.
Менде пәлендей мақсат болмады. Бірақ өз жазбаларымды бақылап отырсам көбіне ішкі мәселелер, көзқарас, сезім сипат. Бар алған әсер, ойлар, көзқарас ағынының ең болмағанда бір бөлшегін жазып қалуға тырысатындаймын.
Уақытты жақсы көрем. Асықпай, байыппен ағып, барлық нәрсені өз орнына қояды. Кейде артқа қарасаң неге кей мәселелердің басыңнан өткенін түсінесің. Қалай болғанда да, не болғанда да барлық нәрсенің тек жақсылыққа бағытталатынын көруге болады. Тек уақыт сабырлылығы керек. Мызғымас сабырлылық. Менде жоқ қасиеттердің бірі. Аллаһ сабырлылармен бірге. Өмір сынақтары да көбіне осы мәселеде сынайды. Артқа қарап тағы жығылғаныңды байқайсың. Тағы мүлт кеттің…
Тағы сыналдың. Бірде, өмір адамдарға өздерін таныту үшін ғана дегенін оқығам. Тағы бір қырымды көрдім. Бірақ қуантары қателігіңді түсініп, өзіңе қайту мүмкіндігі.
Жираф өз баласын енді туылып аяққа енді тұра бастағанда қайта құлатады  екен. Ол қайта тұруға тырыса бергенде тағы құлатады. Ол өз баласының мықтап аяққа тұруға үйренуі үшін.Өмір де солай. Жығылып тұра білуің де сені күшейтеді. Жазылмаған өмір заңдары болса да, мұны барлығы білсе де, мен тек бұл мәселеннің ішімде тудырған әсерін жаздым.

Мамыр 21, 2010 Жариялаған: | Uncategorized | 6 пікір

   

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.