Саясат
Саясат…
Білуімше исламда саясатқа араласу құпты істердің қатарында емес. Оның үстіне нәзік жан болғандықтан өзіңнің микро әлеміңдегі мәселелерден шыға алмайды екенсің. Бірақ жақында болып жатқан саяси жағдайлар айтқызбасқа болмады.
Жалпы менің мемлекетімде болып жатқан жағдайлар мені азамат/ азаматша ретінде қызықтыруы тиіс емес пе? Бір танысымның өз жұбын таңдауда азаматтық позициясының болуын талап ретінде қоятынын айтқаны есіме түсіп кетті. Жалпы халқымызды өз елінде болып жатқан мәселелелер толғандыра ма. Әсіресе жастарымызды…
Жалпы форумдарда, интернетте түрлі пікір білдіретін белсенді жастарымыз баршылық. Бірақ ол жалпы халық санына қарағанда өте аз, және белсенділіктері интернет шеңберінен шықпайды. Сонда қазақ халқының, біздің қоғамның саяси санасының әлі де болса ояу еместігін көрсетеді ме?
Жаңалық оқып отырып, не жыларыңды не күлеріңді білмейсің. Парламент халық өмірін жеңілдетудің жолдарын қарастырудың орнына, қайдағы мәселелерді қозғайды.
Ал жақында енді Лидер нации деген заңнаманы да ұсынды. Аға буын кеңестік менталлитетпен барға шүкір, жоқты да көргенбіз, дегендей ым білдірмейді. Жастарымыз бізді кім тыңдар дегендей қолдарын сілтейді. Сонда елдің дамуы кімге байланысты болмақ? Мемлекеттің ең басты байлығы- халық емес па…
Халық та, басшылар да мұны ұмытқандай. Сен тимесең мен тиме бадырақ көздің кейпінде. Жоқ, мен тек саяси сана мен белсенділіктің сәл де болса оянуын қалаймын. Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ демекші, ең болмағанда мемлекетіміздегі саяси жаңалықтарға немқұрайлы қарамайық, ағайын.
9 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Мамыр 2010 (9)
- Сәуір 2010 (1)
- Наурыз 2010 (1)
- Ақпан 2010 (8)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Исламда саясатқа тиым самайды. ЛАс саясатқа тиым салады. Елді әділдікпен, бар ықыласпен басқаруға шақырады.
Көптеген басшысымаұтар үшін халық малдан да төмен деңгейде. Сондықтан олар үшін біздің ешқандай құнымыз жоқ. Құл ретінде сатса да ешкім алмайды бізді.
olai aituiniz durys emes
olai oilitindar bar bolsa da
oz huhygymyzdy talap etu bizdin mindetimiz
halyhsiz memleket, memleketsiz okimet bolui mumkin emes
Мысалы, сізден халықтан сұрайды ма “Мынадайзаң жобасын қарап жатырмыз, сіздер не дейсіздер?” деп, халықпен кездесуге барған депутаттар?
joh suramayd
bizden kop narse suramamayd
birah suramasa sura deu kerek
ol bizdin huhygymyz
Демек, “халқының пейіліне қарай басшысы” деген сияқты сөздің дәл өзі.
саясаттану сабағынан “саясатпен айналыспасан, саясат сенімен айналысады” деп әйтеуір біреудің айтқаны есімде.
жақында 11 сыныпты бітірейін деп жатқан бір қыз блогына: “саясаттану факультетіне студент жиналмай жатыр, ұлдар, қыздар, саясаттанушы болғыларын келмей ма, қалай?” – деп жазған еді. ал біздің ЖОО бұл салада маман дайындай ала ма, дайындаса, олар ертең қайда жұмыс істемек? менімен параллель оқыған саясаттанушылар акимат не күзетші болып жұмыс істейді
ЖЕмқорлық жайлаған қоғамда өз маманы болған адамдардың тамыр-танымысы мен ақшасы болмаса, қызмет ету мұңға айналды. Осы құртып жатқаны.
hajettilik bolsa arkim ozi ah jumisha tura aladi
arine men tek lmati astana sekildi halalardi aitam
al regiondarda sizdin aithaninizday jagday