Мегаполис
Өмір- ағын… деп жатады.. Менім жағдайымда сәл керісінше. Мүмкін салыстырмалдық теориясы әсер ететін шығар. Уақыт тым баяу қозғалады. Әр нәрсенің екі жағын да көруді уйренгендіктен, бұл баяулықта да бір әсемдік бар. Күннің шуағына жылынып, көк шалғында уақыттың баяу жылжуына қызыға қарап отыруға да болады. Алайда менің қиялымды офистегі телефонмен сөйлесу бөліп жіберді. Қазіргі мегаполис жылдамдығы, қала өмірінің қарбаласы менің уақытты баяу өтеді дегеніме еш те үйлеспейтін секілді. Мүмкін осы жылдамдық ішіндегі баяулық болар… Өз ойларым өзіме қайшы келетіндей. Бірақ қала қарбаласына үйреніп те қалғандаймын. Егер кіші қалаларда өмір сүру мүмкіндігі болса, ойланбай бармас едім. Жүрек баяулықты да жыдламдықты да қалайтын болғаны. Әрбірінің өз әсемдігі бар.
Бір танысым Алматыны Пекинге қарағанда ауыл өлшеміндегі қала деп айтып еді. Таңғалғаным рас. Алматыдан үлкен қалаға барып көрмеппін. Бірақ таңдау берілсе Ньюйорк деуші едім. Улкендігі Алматыны бірнеше есе орап алатын мегаполис. Бірақ әркімнің таңдауы әр басқа.
Саясат
Саясат…
Білуімше исламда саясатқа араласу құпты істердің қатарында емес. Оның үстіне нәзік жан болғандықтан өзіңнің микро әлеміңдегі мәселелерден шыға алмайды екенсің. Бірақ жақында болып жатқан саяси жағдайлар айтқызбасқа болмады.
Жалпы менің мемлекетімде болып жатқан жағдайлар мені азамат/ азаматша ретінде қызықтыруы тиіс емес пе? Бір танысымның өз жұбын таңдауда азаматтық позициясының болуын талап ретінде қоятынын айтқаны есіме түсіп кетті. Жалпы халқымызды өз елінде болып жатқан мәселелелер толғандыра ма. Әсіресе жастарымызды…
Жалпы форумдарда, интернетте түрлі пікір білдіретін белсенді жастарымыз баршылық. Бірақ ол жалпы халық санына қарағанда өте аз, және белсенділіктері интернет шеңберінен шықпайды. Сонда қазақ халқының, біздің қоғамның саяси санасының әлі де болса ояу еместігін көрсетеді ме?
Жаңалық оқып отырып, не жыларыңды не күлеріңді білмейсің. Парламент халық өмірін жеңілдетудің жолдарын қарастырудың орнына, қайдағы мәселелерді қозғайды.
Ал жақында енді Лидер нации деген заңнаманы да ұсынды. Аға буын кеңестік менталлитетпен барға шүкір, жоқты да көргенбіз, дегендей ым білдірмейді. Жастарымыз бізді кім тыңдар дегендей қолдарын сілтейді. Сонда елдің дамуы кімге байланысты болмақ? Мемлекеттің ең басты байлығы- халық емес па…
Халық та, басшылар да мұны ұмытқандай. Сен тимесең мен тиме бадырақ көздің кейпінде. Жоқ, мен тек саяси сана мен белсенділіктің сәл де болса оянуын қалаймын. Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ демекші, ең болмағанда мемлекетіміздегі саяси жаңалықтарға немқұрайлы қарамайық, ағайын.
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Мамыр 2010 (9)
- Сәуір 2010 (1)
- Наурыз 2010 (1)
- Ақпан 2010 (8)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS