#2
Жүрекке
Сұрғылт күздей
Сарғаясың мұңдана
Жайыма қалдыр
Дегендейсің сыздана
Амалым не
Серігіңмін бақиға
Не болса да жаныңдамын
Біл ғана
Соғуың баяу,
Үнсіздік болса серігің
Жалғыздық шарпып
Тыныштыққа елідің
Мәңгі баз кешіп
Арман деген қияннан
Тек өзіңнен үнсіз ғана жерідің
От едің ғой,
Өрт едің ғой, жалынды!
Үміт сеніммен бір табысқан, дарынды!
Арман көгінде қанат бітіп самғаған
Құстай едің ғой аспандағы жалынды
Үнсіздік қайта…
Елемейсің барымды
Әуенің болса
Сол мұңдылық сарынды…
Ұлтшылдық (патриотизм)
Нақ осы сөздің мағынасын іздер болсақ, кей аудармашыларымыз нацизмнен бастап патриотизммен аяқтап, әжептеуір анықтама береді.
Менің айтқым келіп отырған ұлтшылдық – өмірде кездесуі тиіс, қазақ жастарының бойындағы патриотизм мәселесі.
Жалпы ұлтшылдық қандай болуы керек? Теория көп-ақ, тәтпіштеп анықтама да берілген. Бірақ іс жүзінде кездесе ма?
Мен де қазақ жастарының бірімін. Сын айтарлықтай еш қақымнын жоқ екенін біле тұра, сонда да тәуекелге бел байлап, осы мәселе төңірегінде анализ жасап өз ойларымды қорытып көрмекпін. Бұл менің пікірім, тым қатал жазғырмағайсыздар.
Азды-көпті өмір көрдік, біраз адаммен білістік. Нақ дәл қазіргі уақыт өз замандастарымның ұлтшылдық сезімдеріне көңілім тола қоймайды. Көпке топырақ шашу ниетім жоқ, өте ұлтшыл азаматтарды да кездестіргем, бірақ жалпының есебімен салыстыра қарасақ бұл жалқылар өте аз пайызды құрайды. Неге деген сұрақ туындау да заңды. Әлде ұлтшылдық тәрбиесі жетіспей жатыр ма. Бірақ әр отбасы әртүрлі. Сондықтан бұл мәселеде мемлекеттің де жасары көп болуы тиіс. Бірақ қазіргі таңда тек өз қамын ойлаған жасты көбірек көресің. Мойындауы керек, өзім де сол қатардамын.
Неге? деген сұрақ көп ақ. Ойланып қарасақ жауап (бұл жағдайда жанама жауап) та көп.
Бірақ сол тоқетерін берер жауар көре алмай тұрғандаймын.
Ойыма бірінші келгені идеология. Мемлекетіміз бұдан кенде. Жастар идеологиясы жоқтың қасы. Идеология деген нәрсенің өзі негізі анықтамасында жақсы емес(кейде жалған мақсаттарға қолданылатындықтан). Бірақ адамзат баласына әруақыт қарапайым тіршіліктен жоғары болатын рухына жоғарғы идеялар (бұл жерде шынайы дұрыс идеялар деп қадап айтайық) керек-ақ. Ал ұлтшылдық, патриотизм деген ұғымдар идея иесі болуға лайық ұғымдар. Бірақ, мемлекетіміз бұл жағынан кенде. Сондықтан елдің болашағы деп шетелге “Болашақпен” жіберіліп отырған жастарымыз (бәрі деп айтпайм, бірақ сондай жағдайлар кездескен!!!) қайта келгенде ел дамысын деп еңбек етудің орнына, қайта министр болып елдің қаражатын жеген. Елбасымыз ызаланып сөз сөйледі деп естідік. Әрине, сенім артылғанда жасағаны осы болса, ызаланбай қайтеді. Бірақ ұлтшылдық санасы төмен жастардан басқа не күтуге болады? Әуелі сол мәселені қолға алып, кейін үміт күтуге де болар еді.
Екінші мәселе мектеп, отбасы тәрбиесі. Бұл жағдайда сын айта алмаймын. Өйткені ауыз толтыра айту оңай, бала тәрбиелеу қиынның қиыны. Тек аға буын өкілге өкпемді айтпақпын. Орыс мәдениетін өз мәдениетіңізден жоғары қойғанда, орыс бола қойған жоқсыз, тек зияны қазіргі ұрпақ болып отыр. Қазақ екенінен ұялатын, өз салтын ескілік деп, орыс салтын ұстанантын құрдастарды көру кім кімнін де жүрегін ауыртатыны сөзсіз.
Ең қызығы қазірдің өзінде де орыс ұлты болмаса, басқа ұлт қайрандары көб ақ. Жаһандану заманында бұл процесстің өзі заңды. Бірақ түп қазығымызды жоғалтпауымыз керек.
Рас, кейде қуантарлық жағдайлар да болады. Елім деп жүрген азаматтарды да көріп қаласың. Бірде бір кісі “Сен мемлекет маған не берді дегенше, мен мемелекетке не бердім деп сұра” деп айтып еді. Ең қызығы бұл принципті кез келген жағдайға қолданамын деген. Бірақ мұндай жағдайлар жалпымен салыстырғанда тым аз.
Бірақ соңынды мынандай да сұрақ туады… Жастар- болашағымыз, ертеңгі ел тірегі. Ал Ұлтшыл санасы төмен жастармен бұл болашағымыз қандай болмақ?
Шимақ
Блог жазудағы алғашқы қадамдарым сәтті болған секілді. Мұндағы оқырман да қонақжай екен
Ең бастысы ана тілімде еркін жазып, оны түсінетін оқырман да бар.
Кей жазуларым қалай қабылданатынын білмейм. Егер “ақылды сымақ” боп көрінсе айыпқа бұйырмаңыздар. Жай ойлар көрінісі.
Ақ қағазға (бұл жағдайда блог) шимақтаған қызық ақ. Ия, әзірге тек шимақ… Қалам ұштау қадамдары…
Абай айтпақшы жазуды ермек қылдым… Біреу міреу оқып ұнап жатса қуаныш… Алайда негізгі мақсат тек “self expresson”
Алда маңызды тақырыптар да талқыланар… Әзірге тек ізденіс
Жұма мүбәрәк!
20:10
19.02.2010
Virtuality, Утопия немесе Reality?
Жалпы бұл тақырыпқа сөз қозғаған себебім көптен мазалап жүрген ой және кеше болған жағдай болды. Бірақ бәрін әуелі кезекпен қарастырайық.
Виртуалды өмір қазіргі күні қай жастың болмасын (18-25 жас аралығы деп есептейік) кәдуілгі өмірінің бір бөлігі боп алды десем қателеспеспін. Бұл бір жағы ақпарат алмасу болса, екінші жағынан үлкен ақпараттық ағым көзі. Дәл қазіргі таңда өмір жылдамдығы бізге әсте сезілмеуі мүмкін, бірақ басқаларының айтуынша өте тез, осы жағдайда мұндай ақпарат көзінсіз өміріңді елестету сәл қиынырақ болар. Оған қоса мұнда өзіңмен пікірлес достар тауып, және осылай пікір алмасу мүмкіндігі тағы бар, кейде шығармашылық (интернетте өлең жазып жариялау әдетім бар) десек, кейде тіпті сүйіктіңізді кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін (өзіммен қатарлас достарым арасында жиі кездесетін жағдай).
Міне виртуалды өмір мүмкіндіктері. Әрине бұған әркімнің көзқарасы әртүрлі. Біреулер бұл шектен шыққан виртуалды тәуелділік дейді. Ал менің ойымша бұл заман талабы.
Енді нақты мәселеге көшсек, тап кеше біздің компания IT мамандары бұл ресурстардың барлығын түгелдей жапты. Әрине кризис жағдайында, және организацияның үлкендігін есепке алсақ оларды да түсінуге болар. Бірақ тура қолымды кесіп тастағандай әсер қалдырды. Бұл жағдайда үйден қосылу деген вариант та бар дерсіз. Әзірге ол мүмкіндік болмай тұр L.
Енді өмірімнің жеке басына қатысты утопиялық жағын сөз етпекпін. Утопиялық боп болмауы әрине адамның өз бағалауына байланысты. Егер Чернышевскийді оқысаңыз (мен жақында оқығам, басқа авторлар да болуы мүмкін) жаңа адам, жаңа өмір ұғымы, ескіліктен қашу деген нәрселер көптен кездеседі. Ол кісінің романын (Не істеу керек? , шындығында да дұрыс сұрақ) революциялық ойларға толы утопиялық жанрдағы роман делінген. Енді мұның саған қатысы қанша дерсіз?
Жастар буыны өкілі ретінде, әрі өмірде солай болған соң көп нәрcеге басқаша қарау, басқаша ойлау қабілеті берілді. Ол бұрынғы буын көзқарасымен кей мәселелерде келіспеу дегенді білдіреді. Иман мәселесін алып қарағанның өзінде бұрынғы буын заманы басқа десек, ол бұл алшақтықты одан әрі үлкейтеді. Біздің заманның жаңа адамы немесе сол революция(тек рухани, ой сана шеңберінде ғана) дегені де сол шығар. Бірақ бұл үлкен жауапкершілік артады. Өмірді бұрыңғы соқпақпен емес, жаңаша құру жаңалық енгізу деген мәселелер алға шығады. Мүмкін жастық леппен оны жасауға да болад шығар, бірақ жеке басым сәтсіздікке ұшырап тым қияли болдым деген қорытындыға келіп (утопия деген түсінігім осында туды) енді реализмге жүгіндім.
Ал реализм дегеніміз не? Бұл өмірдің нақ өзі. Бұл саған дейін де болған өмір шындығы, заңдылықтары, өзіндік қағидалары. Бұларға сүйенсең әсте ұтылмайсың, өйткені бұл жолмен сенің алдыңдағылар жүрген. Әрине, жеңілі осы. Жаңа, соңы белгісіз жолға қарағанда. Дилемманың өзі осында. Бірақ әркім өзі шешім қабылдар.
Міне айтпақ болған мәселем де осы. Өмірім осы үш ұгымның (айтылмаған, мен білмейтін тағы қаншасы бар) түрлі концентрациядағы үйлесуінен тұрады. Қай бөлігіне басымдық беріп, мөлшерін арттыру мәселесі әлі маңызды шешілмеген сұрақ боп табылады.
Сезім және сана.
Өзім қызығатын тақырыптардың бірі. Парадокстер әлемі десем қате болмас. Кейде мүмкін шаршағандық болар, мүмкін тағы басқа себеп есте сақтау қабілетім онша жақсы нәтиже бермей келеді. Қазір айтқанды қазір ұмыту жиілеп, жұмыс барысында бәрін қағазға жазу тәсіліне жүгінуге тура келді. Бұрын әрине студент кезімізде бір оқығанның естен кетуі оңай болмайтын. Дәл қазіргі жағдайға түсінік беру қиындау. Қартайдық, қайғы ойладық деуге болса әлі ерте)))
Енді бұл маселеде парадокс бар. Сезімді өз басынан өткізген оқырман көп болар. Өткізбегендерге бәрі әлі алда демекпін. Өз басым алғашқы махабатты сәл кештеу (әдетте 18 жас делінген пікірге қатысты айтып отырм) сездім. Бірақ сәтсіз аяқталып, жолдарымыз бөлек кетті. Бірақ ең қызығы қанша уақыт өтсе де сол адамның номері (7 сандық нөмір!!!!)
Естен шыға қоймапты. Бүгін таңертең Алматы көшелеріне қарап ойға шомып отырғанда жәй өзімнен нөмірі қандай еді деп сұрауым мұң еді, 7 сандық нөмір еске түсе кетті. Енді маған қызығы, қаншалықты жады деген нәрседе сақталар екен. Уақыт өте жиі сұрап тұрарм. Ғылыми тұрғыда білетінім «өте маңызды» деген ақпарат ғана ұзақ сақталып, ал уақытша ақпарат тез ұмытылатыны. Бірақ дәл бұл жағдайда, тап керісінше болғаны дұрысырақ болар еді.
Жұмысың жаныңа жақсын
Өміріміздің белгілі маңызды мөлшері (мен үшін бұл көрсеткіш 90 %, басқалар үшін басқа болуы мүмкін) жұмыста өтетіні барлығымызға мәлім.
Кейде осынша уақыттың өз еркіңде болмағанына қынжыласың. Бірақ басқа жағынан қарағанда қоғамға айтеуір бір шетінен жұмыс жасап өз үлесіңді қосып жатқаныңа қуанасың.
Енді осы кезекте жұмысың жаныңа ұнай ма деген мәселе маңызды боп шығады. Жеке басым әлі мардымды жауап ала алмадым (ширек ғасыр ғұмырымда!!!). Қызығатыным оқытушылық. Бірақ тағдыр ол мамандықпен жолымызды қиылыстырмады. Дегенмен кеше мүмкіндік туып оқытушы болдым да.
Жұмыс жаныңа жақса игі екен. Аса үлкен қуанышпен, бір өте жақсы демалғандай энтузиазм толы кейпімді көріп ойға қалдым. Ол да бір өзінше бақыт. Дегенмен әзірге тек ізденіс үстіндемін.
Айналысып жүрген жұмыстарыңыз өздеріңізге ұнап бақыт әкелсін. Сонда ғана Эддисон айтқан “Мен тек жұмыс істегенімде демалам” сөздерінің мағынасы айқындала түспек.
#1
Не деп ренжиін мен?
Салы кеткен көңілім
Сөздер айтылар
Жүрек болса көнігер
Байқап байқамай
Айтылған соң барлығы
Не деп ренжиін мен?
Не де болса түңілем
Кімге ренжиін мен?
Жүрекке жақын болғанға?
Бір күн сүйем деп
Ұмыт болған сол жанға
Еске алмастай
Мәңгі баз кешкен көңілім
Кімге ренжиін мен?
Өткінші болған жалғанда
17.02.10
salem to world
Алгаш блог жазуым.
Тиркелген кезде
Express yourself
take a blog
дегенди окып )) енди блог жазайын деген ой туды.
Баринизге салем бердик.
Sincerely,
Sameday1
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Мамыр 2010 (9)
- Сәуір 2010 (1)
- Наурыз 2010 (1)
- Ақпан 2010 (8)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS