Қиылыспас параллель әлемдер
Бүгін жаңалық оқып отырып, көзімді фото жаңалықтар шалды. Әдетте қызықты мағлұматтар болады. Бүгін де 2 репортаж. Бірақ бүгінгісі ойлантты. Парадокс, бір уақытта өмір сүріп жатқан қиылыспас екі әлемді көрсетіпті. Автор парадокстерді арнайы саналлы түрде берді ме, әлде байққамай кім білсін…
Біріншісі су тапшылығы жағдайында Индия жағдайы.
Ал енді алдарыңызда Челси, Ұлыбритания. Дәл қазіргі уақыт Халықаралық гүл және ландшафт дизайнының көрмесініен алынған түсірілімдер.
Сонда өркениеттің құны осы ма? Мәңгі қиылыспас параллель әлемдер…
музыка
http://www.islamnews.ru/audio-93.html
Скутер
Негізі авантюрист емеспін. Бірақ бар білгенім жаңа нәрсені (ол моральдық тұрғыдан дұрыс нәрсе болуы керек )) ) басыңнан өткізу өте қызықты. Бір күні досым, жұрт машина алып жатқанда, ол скутер алыпты. Сонымен қалада ұшып жүр екен.
Мен кеш қалып бір жерге бармақ болдым. Оның апарып тастайын дегеніне күмәндана жауап бердім. Жалпы өмірімде көрмеген нәрсем. Оның үстіне қорқынышты көрінді. Не керек келістім. Оның бір ғана каскасы бар екен. Мен каскасыз пассажир)))
Қатты айдаған жоқ. Бірақ тамаша сезім. Каскасыз болғандықтан самал желмен жарысып, ұшқандай әсер қалдырад. Қысқасы ұнады. Жаңа нәрсе байқап көрудегі сенімім тағы да өзін ақтады.

Ішкі дауыл
Мегаполис
Өмір- ағын… деп жатады.. Менім жағдайымда сәл керісінше. Мүмкін салыстырмалдық теориясы әсер ететін шығар. Уақыт тым баяу қозғалады. Әр нәрсенің екі жағын да көруді уйренгендіктен, бұл баяулықта да бір әсемдік бар. Күннің шуағына жылынып, көк шалғында уақыттың баяу жылжуына қызыға қарап отыруға да болады. Алайда менің қиялымды офистегі телефонмен сөйлесу бөліп жіберді. Қазіргі мегаполис жылдамдығы, қала өмірінің қарбаласы менің уақытты баяу өтеді дегеніме еш те үйлеспейтін секілді. Мүмкін осы жылдамдық ішіндегі баяулық болар… Өз ойларым өзіме қайшы келетіндей. Бірақ қала қарбаласына үйреніп те қалғандаймын. Егер кіші қалаларда өмір сүру мүмкіндігі болса, ойланбай бармас едім. Жүрек баяулықты да жыдламдықты да қалайтын болғаны. Әрбірінің өз әсемдігі бар.
Бір танысым Алматыны Пекинге қарағанда ауыл өлшеміндегі қала деп айтып еді. Таңғалғаным рас. Алматыдан үлкен қалаға барып көрмеппін. Бірақ таңдау берілсе Ньюйорк деуші едім. Улкендігі Алматыны бірнеше есе орап алатын мегаполис. Бірақ әркімнің таңдауы әр басқа.
Саясат
Саясат…
Білуімше исламда саясатқа араласу құпты істердің қатарында емес. Оның үстіне нәзік жан болғандықтан өзіңнің микро әлеміңдегі мәселелерден шыға алмайды екенсің. Бірақ жақында болып жатқан саяси жағдайлар айтқызбасқа болмады.
Жалпы менің мемлекетімде болып жатқан жағдайлар мені азамат/ азаматша ретінде қызықтыруы тиіс емес пе? Бір танысымның өз жұбын таңдауда азаматтық позициясының болуын талап ретінде қоятынын айтқаны есіме түсіп кетті. Жалпы халқымызды өз елінде болып жатқан мәселелелер толғандыра ма. Әсіресе жастарымызды…
Жалпы форумдарда, интернетте түрлі пікір білдіретін белсенді жастарымыз баршылық. Бірақ ол жалпы халық санына қарағанда өте аз, және белсенділіктері интернет шеңберінен шықпайды. Сонда қазақ халқының, біздің қоғамның саяси санасының әлі де болса ояу еместігін көрсетеді ме?
Жаңалық оқып отырып, не жыларыңды не күлеріңді білмейсің. Парламент халық өмірін жеңілдетудің жолдарын қарастырудың орнына, қайдағы мәселелерді қозғайды.
Ал жақында енді Лидер нации деген заңнаманы да ұсынды. Аға буын кеңестік менталлитетпен барға шүкір, жоқты да көргенбіз, дегендей ым білдірмейді. Жастарымыз бізді кім тыңдар дегендей қолдарын сілтейді. Сонда елдің дамуы кімге байланысты болмақ? Мемлекеттің ең басты байлығы- халық емес па…
Халық та, басшылар да мұны ұмытқандай. Сен тимесең мен тиме бадырақ көздің кейпінде. Жоқ, мен тек саяси сана мен белсенділіктің сәл де болса оянуын қалаймын. Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ демекші, ең болмағанда мемлекетіміздегі саяси жаңалықтарға немқұрайлы қарамайық, ағайын.
#7
Жаңа көктем бе едің,
Белгісіз бөктерлерден,
Жылуын ала келдің
Мен білген соңғы көктемнің…
Жаңа арман құсы ма едің,
Қалықтап сонау көктерден,
Үміт шуағын ала әкелдің
Мен білген сен көктемнен…
Жүректің жаңа әуені ме ең,
Сезімге бөледің кең
Өмірге қайта әкелдің
Ұмтылған көктемді сен…
Wimax немесе интернеттегі rebirth
Жақында Wimax технологиясын ал деп досым кеңес берген. Өзі шектеусіз және бағасы да жақсы деді. Әйтеуір біраз ойланып алдым. Жылдамдығы ұнады. Шектеусіз екендігі де. Бастысы интернетте қалаған уақытыңда болу мүмкіндігі. Сонымен rebirth. Енді мүмкіндігінше жиі жазатын әрі белсенді блоггер болуға тырысамыз.
#5
Тым әлсізбін…
Жүрегім ауру
Жүруім қиын
Елесің қару
Әр басқан қадам
Қанаған жара
Әр атқан таңым
Сезімнің нәрі
Мен жүрген бейбақ
Ұмытуға зәру
Қараймын қайта
Елесің артта
Не қылмақ екем
Өзіңсіз бәрібір
random 2
Анда санда инетке қол жеткенде блогім мүлде о дүниеге аттанып кетпесін деп жазып қояйын. Онда да тек random ойлар..
Кейде мақсатыңа жету үшін біраз сабыр да керек шығар. Бірақ менім сабырсыздығымды ескерсек, демім ішімде секунд санап жүр секілдімін. Лайым уақыт тез өтсін. Бос уақытта жаңалық оқып ермек етем.
Ыңғи оппозициялы басылымдар оқыға соң ба көңіл ылғи қалады. Біресе Қытай қаупі, біресе парақорлық, бұлыңғыр келешек. Негізі бәрібәр оптимист болған едәуір жақсы. Хабар көрем ау дейм))
Жалпы random ойларым әзірге осы.
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Мамыр 2010 (9)
- Сәуір 2010 (1)
- Наурыз 2010 (1)
- Ақпан 2010 (8)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
















